Атырауда республикалық ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты серіктестік форумы басталды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 30 қазан. Бүгін Атырауда алғаш рет республикалық «ASAR» ҮЕҰ-бизнес пен мемлекеттің өзара əрекетіне бағытталған үшжақты серіктестік форумы басталды.
Поделиться:  

Форум ұйымдастырушылары - ҚР Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлер палатасы, Атырау облысының əкімдігі. «Chevron», «Tengizchevroil», «Raimbek Group» компаниялары, Қазақстан жастары Конгресі, «Жастар таңдауы-Атырау» ҚҰ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес ұйымы форум серіктестері қатарында.

Форум аясында Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев сөйлеп, аймақта ҮЕҰ-бизнес-мемлекет қатысуымен əлеуметтік жобалар табысты жүзеге асып жатқанын айтты. Мысалы, «Заңғар» жастар жобасы - оқушылар мен студенттердің алдыңғы қатарлы технологияларды меңгеруіне бағытталған. Жобаны «Шеврон» компаниясының қолдауымен «International Youth Foundation» халықаралық жастар ұйымы мен «ИнфоЦентр» жергілікті қоғамдық бірлестік жүзеге асырып отыр. 

«Жобамен 5 мың адам, жүзден астам оқу орындары қамтылып отыр. Халықаралық дəрежедегі жүзден астам тренер дайындалды», - деді облыс əкімі. 

Кəсіпкерлікті дамыту саласында «Жарқыра» бағдарламасы тиімділігін көрсетті, оның аясында екі жыл ішінде 12 бизнес жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. «Жарқыра» жобасын «Орталық Азия Евразия» қоры «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асыруда. 

Облыс əкімі атыраулық кəсіпкерлер əлеуметтік нысандар құрылысына - балалар орталықтары, бала бақшалар, саябақ, мəдениет, спорт нысандарына қаржы салуда белсенді екендерін атап өтті.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағыты бойынша  жалпы құны бір миллиард теңге болатын 11 жоба жүзеге асып жатыр. Оны жергілікті кəсіпкерлер қаржыландырған. 

Сондай-ақ, форум аясында бизнес-құрылымдар мен ҰЕҰ-дар арасында бірлескен əлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 10 меморандумға қол қойылады. Келісімдер мен меморандумдар ҮЕҰ жұмысына байланысты барлық тосқауылдардың алдын алады деген болжам бар.

«ASAR» үшжақты серіктестік форумы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөлігі бола отырып, жыл сайын ҮЕҰ, бизнес пен мемлекет арасындағы диалог алаңына айналатын болады.

Айқара Ғұмар

30.10.2017
Поделиться:  

Comments (1)

  1. Аралбек 30 october 2017, 09:44 # 0
    Жаңа жобалар көбейіп жатыр, көбейіп жатыр, Осы жобалардың пайдасын көргендер бар ма? Бір таныс жігітім бар еді, өзі жас бала, Сол осындай бір бағдарламамен кәсіп бастап, қазір көтеріліп кетті. Қаншама адамды танимын соның ішінде тек бір адамнан ғана естідім осындайлар туралы. Жобалар керемет, қолдау көрсетіп жатыр, ваще супер. Тек, халыққа түсінікті қылып, осындай материалдарды көптеп таратса деймін. А так, Бастама жақсы. Көбейе берсін
     
    Наверх