Атырауда отызға жуық мектепке спорт алаңдары салынады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 ақпан. Атырауда отызға жуық мектепке спорт алаңдарын салу жоспарланып отыр. Халық алдында есеп берген Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, күні бүгінде 27 қалалық мектепке спорт алаңдарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Поделиться:  

Жаңа алаңдар барлық қажеттіліктер мен талаптарға сай жасақталады. «Олардың әрқайсысында жүгіру жолы, кіші және үлкен футбол, баскетбол және волейбол алаңдары болады. Сонымен қатар, гимнастика, спорттық ойындар алаңдары мен қашықтыққа секіруге арналған шұңқыр салынады», - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 

Бек Әзберген

14.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх