Атырауда оқушылар мектепке автобуспен тасымалданады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 15 қараша. Атырауда мектептен үш шақырым алыста тұратын оқушылар автобуспен тасымалдануда. Осы мақсатта күні кеше қалада қосымша тоғыз мектепке автобус көлігі сатып алынды. Оған жергілікті бюджеттен 120 млн теңге бөлінді.
Поделиться:  

Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, өткен жылы облыс орталығы мен қала маңындағы ауылдардағы 14 мектептің балалары тасымалданған. «Өткен жылы жалпы саны 3318 оқушы тасымалданды. Атап айтсақ, №№4, 5, 6, 25, 32, 36 жəне Еркінқала, Қ. Смағұлов, Бесікті, Б. Нысанбаев, Т. Амандосов, М. Өтемісов, Жамбыл, Амангелді атындағы мектептер. Биыл жергілікті бюджет қаржысына қосымша автобустар сатып алынды. Енді тасымалданатын балалар саны да көбейді», - дейді Атырау қалалық білім беру бөлімінің басшысы Светлана Аманшиева.

Ең бастысы, тасымал қызметін ұйымдастыру – ата-аналар үшін үлкен қолдау болып отыр. 

 

Ясмин Әли 

15.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх