Атырауда мұнай-газ саласына арналған халықаралық көрме жұмысын бастады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 11 сәуір. Атырауда 17-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі өз жұмысын бастады. «Global Oil&Gas Atyrau-2018» көрмесінің ашылу салтанатына ҚР энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов пен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қатысты, деп хабарлады Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Поделиться:  

«Атырау өңірі жоспарлы әрі серпінді дамуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен облыста экономиканы әртараптандыру тұрғысында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Мұндай алаң, яғни көрме - барлық қатысушыларға олардың жұмыс бағыттарына қарамастан өз бизнесінің ауқымы мен шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыста мыңнан аса шетелдік және бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасайды. Облыс әлемнің 50 елімен ынтымақтастықта», - деп атап өтті алғы сөзінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Еліміздің энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасы дамуының қозғаушы күші болып қалады. «Көрмеге жүз елдің өкілдері қатысуда және барлығы өздерінің жаңашыл шешімдерімен бөлісе алады және жаңа іскерлік байланыстар орната алады», - дейді вице-министр. 

Өнеркәсіптік жабдықтар мен мұнай-газ саласына қажетті құралдар тізілген көрмеге Ұлыбритания, Беларус, Ресей, Түркия және Әзірбайжанның жүзден аса компаниялары қатысуда. Және бір қосарымыз, Global Oil&Gas Atyrau көрмесімен бірге көрме кешенінде AtyrauBuild-2018 құрылыс және интерьер көрмесі орналасқан, оған қатысушылар құрылыс, интерьер, жол құрылысы саласындағы жаңалықтарды таныстыруда. Көрменің барлық қатысушыларына өз өнімі туралы айтуға, жаңа келісімшарттар жасауға мүмкіндіктер берілді.

Мұнан басқа іс-шара бағдарламасына Қазақстанның мұнай-газ саласындағы КТК (Каспий құбыр консорциумы), NCOC, Ембімұнайгаз сияқты ірі қатысушылардың семинарлары мен тұсаукесерлері енгізілген.

Көрме үш күн – 10 сәуірден 12 сәуірге дейін - өтеді. Айта кетелік, іс-шараны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, KAZENERGY қауымдастығының, «KazService» Қазақстанның Сервистік компаниялар одағының ресми қолдауымен Iteca Қазақстандық көрме компаниясы ұйымдастыруда.

 

Тасым Әбіш

11.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх