Атырауда 22 мың тұрғын жұмысқа орналасты

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 11 қаңтар. Өткен жылы Атырауда 30 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Және 22 мың тұрғын жұмысқа орналасты.
Поделиться:  

Таратып айтсақ, жұмыспен қамту орталықтарында жұмысқа орналасуға өтініш білдіргендердің ішінен 5 441 жұмыссыз адам ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастырылып, 2 793 адам қайта даярлауға және біліктілігін арттыру курстарына жіберілген, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Ал, әлеуметтік жұмыс орындарына 716 жұмыс орны бөлініп, жұмыс берушілерден алынған бос жұмыс орындары үшін 14 802 адам жұмысқа орналастырылды.

Нақтырақ айтқанда, облыс әкімдігі және 2539 жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында меморандумдарға қол қойылды. «Нәтижесінде 869 жұмыс орны сақталды, оның ішінде 1228 адам жұмыспен қамтылды», - дейді мамандар.

 

Бек Әзберген

11.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх