Атырауда əлеуметтік маңызы бар төрт нысанның құрылысы жүріп жатыр

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 15 қараша. Атырауда əлеуметтік маңызы бар төрт нысанның құрылысы жүріп жатыр. Кеше Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аталмыш нысандардың жұмыс барысымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді.
Поделиться:  

Мәселен, әлеуметтік маңызы зор облыстық кардиоорталық жанынан қосымша ғимараттың құрылысы жүруде. Медициналық мекеменің жаңа ғимараты сырқаттарға қосымша қызметтердің көрсетілуіне мүмкіндік береді. Онда операция-хирургия блоктары, реанимация, қарқынды терапия жəне диагностика бөлімдері орналасқан. Тəулігіне 50 адамға дейін қызмет көрсету жоспарланып отыр. 

Екінші нысан - мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараты. Басты жаңалық сол, онда ХҚКО қызметкерлерімен қатар, əкімшілік полиция мен мемлекеттік кірістер департаменті, наркология жəне психикалық-неврологиялық диспансер дəрігерлері жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, сынақ алатын автодром құрылысы да осы нысан аумағына жоспарланып отыр. Енді, келер жылдан бастап көлік жүргізу куəлігін алу, көлік тіркеу рəсімдері бір жерде жүзеге асады. 

Үшінші нысан – «Самал» ықшамауданындағы өрт сөндіру депосы. Жаңа нысан жақын маңдағы бірнеше ықшамауданды қамтиды. Нысан құрылысы келер жылдың желтоқсанында аяқталады. Сонымен қатар, Атырау қаласындағы жаңа аудандардың бірі – «Нұрсая» ықшамауданында облыстық ішкі істер департаментінің ғимараты салынуда. «Нысандарды аралаған Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев, тиісті орындарға  құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу туралы тапсырма берді», - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 

Ясмин Әли

15.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх