Атырау облысының бас имамы мұқтаж отбасы балаларына көмек көрсетті

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 ақпан. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен Атырау қалалық №27 мектепте қайырымдылық шарасы болып өтті.
Поделиться:  

Екі жүз мың теңге көлемінде бөлінген қаражатқа мұқтаж отбасы балаларына мектеп формалары алынып, ет үлестірілді. 

Орталық «Иманғали» мешіті қашан да ізгі істердің бастауында келеді. «Мәселен, өткен жылы орталық «Иманғали» мешіті «Қарттар үйі», «Қазақ соқырлар қоғамы», «Атырау қалалық мүгедектер қоғамы», «Жетімдер үйі» сынды нысандарға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға тұрақты түрде қаржылай және азық-түлік түрінде көмек көрсетіп келді. Бір ғана «Мектепке жол» акциясы аясында өткен жылы қала-аудан мешіттерінің жұмылуымен 800-ге жуық мектеп жасындағы балаларға оқуға қажетті сөмке, құрал-жабдықтар мен мектеп формалары алынған болатын», - делінген орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 

 

Бек Әзберген

Сурет: kapital.kz

13.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх