Атырау облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 11 каңтар. Бүгін Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы, бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов облыс активіне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысын таныстырды.
Поделиться:  

Ол - бұған дейін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген Асқар Жанахмет.

Сағындық Лұқпанов Асқар Жанахметтің жеке сектор мен мемлекеттік органдардағы жұмыс өтілін айта келе, оның меритократия қағидатына сәйкес мемлекеттік бос жұмыс орнына конкурс нәтижесінде осы лауазымға тағайындалғанын атап өтті. 

Асқар Жанахмет құрылыс және экономика салаларында екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда менеджерліктен бастаған. 2011 жылға дейін жеке компанияның бас директоры болды. 2012 жылы мемлекеттік қызметтегі жұмысын бастап, бас маман, инспектор, бөлім басшысының орынбасары, Атырау облысы әкімі апараты басшысының орынбасары болды. 2017 жылдың 1 тамызынан бастап облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

11.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх