Атырау қаласы халқының саны өседі

Мы в соц. сетях:   

АTPress.kz. 19 сәуір. Атырау қаласындағы халық саны 2030 жылға қарай 350 мың адамға дейін көбейеді деп күтілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Төлеп Орынбасаров мәлім етті.
Поделиться:  

Оның айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтары бойынша Атырау қаласындағы халық саны 221,3 мыңды құраған. 

«Қала маңындағы елдімекендермен қоса есептегенде, халықтың жалпы саны 314,5 мыңға жетіп отыр. Атырау қаласындағы демографиялық ахуал 2030 жылға қарай да күрт өсіп, халық саны 350 мың адамға дейін көбейедідеп күтілуде», - деді спикер.

 

Баян Жанұзақова

Фото weproject.kz сайтынан алынды

19.04.2017
401
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх