Алма бағын баптаған

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 7 желтоқсан. Мақат ауданынан Махамбетке көшіп келген іскер азамат Қайрат Сәрсенов өзінің агрономдық іс-тәжірибесіне сүйеніп, аудан орталығын абаттандыруға аянбай атсалысты.
Поделиться:  

Махамбет ауданы әкімдігінен қолдау тапқан Қайрат Сәрсенов өзі тұратын «Шұғыла» мөлтек ауаданының кіре берісінен жер телімін алып, айналасын қоршап, жеміс ағаштарын отырғызды. Адамның аялы алақанын сезінген алма ағаштары да жаз бойы біршама бойлап өсті. 

Ал, өздері үлгі тұтатын әкелерінің ісіне алты ай жаз бойы қолғабыс берген Ағелеуов орта мектебінің оқушылары Абдурахман, Абдолла, Әбдінұр Досбайлардың еңбектері де ескерусіз қалмады. Әкелі-балалы бағбандарды қабылдаған аудан әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев оларға «Алғыс хат» табыстады.

 

Фамиля Қожанова,

Махамбет ауданы

07.12.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх