Әйгілі «Шолу дөңгелегі» енді Атырауда болады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 ақпан. Биіктігі 50 метрден астам болатын «шолу дөңгелегі» бар саябақ салынатындығы туралы хабарды Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов жеткізді.
Поделиться:  

Белгілі болғанындай, қазір Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті маңындағы Жайық өзенінің «банан жағалауынан» саябақ салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өтуде. Саябақ ауданы әзірге, 6,5 гектарды алады деп жоспарланып отыр. 

Және бір жаңалық – саябақтың 3,1 гектар аумағына жасыл желек отырғызылады, арша, бөртегүл егіледі. Бұдан бөлек, балалар ойын алаңы, скейтборлинг, ұзындығы 300 метр болатын субұрқақ, шағын футбол алаңы, жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары да орналастырылады.

 

Бек Әзберген

14.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх