Қиғаш өзенін тереңдетуге 1,5 млрд теңге бөлінді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 11 қаңтар. Қиғаш өзенін тереңдетіп қазу жұмыстарына биыл 1,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы Құрманғазы аудандық С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен Парламент депутаттарымен кездесу кезінде белгілі болды.
Поделиться:  

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегеновтің айтуынша, алдағы уақытта жұмыстың сапалы жүргізілуін «Нұр Отан» партиясының Құрманғазы аудандық филиалы мен қоғамдық кеңес қатаң бақылайтын болады. Бұдан бөлек, сенатор «Нұрлы жол» жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Ақтөбе-Атырау», «Атырау-Астрахан» тас жолдарын салуға қанша қаржы бөлу көзделгенін, оны кімдер қаржыландыратынын нақты атап көрсетті. 

«Бүгінде «Ақтөбе – Қандыағаш - Атырау» тас жолының күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Ал, Атыраудан Астрахан шекарасына дейінгі жолды қаржыландыру мақсатында «Ислам даму банкі» мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасында келіссөздердің аяқталуы жақын», - деп атап өтті сенатор Сәрсенбай Еңсегенов. 

 

А. Шакупова

11.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх