Құрманғазыда трансшекаралық жаттығу өтті

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 ақпан. Құрманғазы ауданына қарасты Байда ауылдық округі аумағында қысқы маусымда трансшекаралық қауіпсіздікті одан әрі нығайту мақсатында оқу-жаттығу өтті.
Поделиться:  

Шекаралық аймақта орын алуы ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау мақсатындағы шара төрт кезеңнен тұрды. Яғни, қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдардың әзірлігі тексерілді. Екінші кезеңде іздеу жұмыстары жүргізілді. Қарлы боранның құрсауында қалып зардап шеккен адамдарға авариялық-құтқару жұмыстары жасалып, жапа шеккендерді уақытша қауіпсіз жерге шығару, медициналық қызмет көрсету операциялары да жүзеге асты.

Оқу-жаттығуға Атырау облысының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, Құрманғазы аудандық ерікті авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары, Байда, Сафон, Бірлік, Кудряшов, Шортанбай ауылдық округінде құрылған ерікті өрт сөндіру жасақтары және РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Астрахан облысы бойынша бас басқармасының жеке құрамы мен арнайы құтқару техникалары жұмылдырылды. 

 

Қ. Ғұмаров

14.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх