Құрманғазы ауданында он бір ауылдық округке тракторлар сыйға тартылды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 қараша. Құрманғазы ауданы ауыл шаруашылығы саласы мамандарының кәсіби мерекесін атап өтті. Кәсіби мерекеге орай аудан әкімі Бибоз Шаяхметов он бір ауылдық округке «Беларусь» тракторын және автокөтерме арнайы техникасының кілтін табыстады.
Поделиться:  

С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде жалғасқан салтанатты шара барысында ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосқан мамандық иелері  марапатталды.  

Айта кетелік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 20 қарашадағы Жарлығына сәйкес, жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісі ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері күні ретінде кеңінен аталып келеді. 

 

Өз тілшіміз

13.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх