Құрманғазы ауданына Қазақстан журналистер одағының өкілі сайланды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 17 мамыр. Ардагер журналистер үшін облыс көлеміндегі тынығу орындарына жолдамалар берілуі керек. Құрманғазы ауданы «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлы Қазақстан Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Алма Қалусариевамен кездесу кезінде осы мәселені көтерді.
Поделиться:  

«Және аудан көлеміндегі қаламгерлер түрлі марапаттардан тыс қалмаса», - деген ұсынысын ортаға салды. Ұсыныс Қазақстан журналистер одағының мүшелері, ардагер журналистер Мадат Сәрсекеев, Асқар Ғұмаров, Жұмақай Ғұмаров тарапынан қолдау тапты.

Кездесу барысында одақтың Құрманғазы ауданындағы өкілдігіне Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Айбек Нәжімов сайланды.

 

Қанат Ғұмаров

17.05.2018
Поделиться:  
 
Наверх