«Сарайшықта» 25 наурызға дейін жәрмеңке өтеді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 12 ақпан. Атырауда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Облыс орталығындағы «Сарайшық» коммуналдық базарына топтастырылған өнімдер экологиялық тазалығымен ерекшеленеді.
Поделиться:  

Мәселен, өткен сенбі-жексенбіде жәрмеңкеде Жылыой ауданының 15 кəсіпкері мен шаруашылық қожалықтары өз өнімдерін ұсынған болса, 17-18 ақпан күндері тұтынушылар Қызылқоға ауданы өнімдерінің дәмін тата алады. 

Төменде Атырау облысына қарасты аудандардың жәрмеңкеге қатысу кестесі ұсынылып отыр:

Қызылқоға ауданы - 17 - 18 ақпан;

Мақат ауданы – 24 - 25 ақпан; 

Индер ауданы – 3 - 4 наурыз; 

Махамбет ауданы – 10 - 11 наурыз;

Исатай ауданы – 17 - 18 наурыз; 

Құрманғазы ауданы – 24 - 25 наурыз.

 

Бек Әзберген

12.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх