«Астана ЕХРО-2017» туристік аймағына алғаш екі күн ішінде 18 мың адам келді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 қараша. «Астана ЕХРО-2017» ұлттық компаниясы қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің хабарлауынша, туристік аймаққа 11 қараша күні – 7 мыңнан аса, 12 қарашада 11 мыңға жуық адам келген.
Поделиться:  

Алғашқы екі күн келушілер үшін тегін болды. Ал,  ресми түрде билеттер 14 қарашадан бастап сатылатын болады. 

Еске сала кетелік, ЕХРО туристік аймағында «Нұр Әлем» павильоны, әлемдегі 13 елдің жаңғырмалы энергия көздері саласындағы ең үздік 24 жобасы ұсынылған «Үздік тәжірибелер аймағы», тақырыптық павильондар мен Қазақстанның алғаш заманауи өнері саласына арналған Арт-орталығы туристік аймаққа келушілер үшін қызмет етуде. 

 

Ясмин Әли 

13.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх