«Алтын шаңырақ» кеңесі индерлік қайырымды кәсіпкерлерді марапаттады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 15 қараша. Индер ауданында қайырымдылықпен аты шығып жүрген кәсіпкер әйелдер марапатталды. Салтанатты рәсім Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің отырысы барысында Индер аудандық мәдениет үйінде өтті.
Поделиться:  

Жиын кезінде «Достық үйі» мекемесінің басшысы Тамара Аман-Турлина игілікті ісімен танылып жүрген жергілікті кәсіпкерлер Тоқтар Төлегенова мен Оңай Арыстанованы, «Мадина» дүкенінің иесі Жанат Шопанованы марапаттап, көпшілік алдында аналар атынан алғысын айтты. Аталған кәсіпкерлер қолдауға мұқтаж ауданның бірқатар адамдарына сол арада қайырымдылық көмектерін  жасады.

Индер ауданына жұмыс сапары барысында Аналар кеңесі жеке кәсіпкер, гинеколог-дәрігер О. Арыстанованың емдеу-сауықтыру орталығында болып, қызметімен танысты. 

 

С. Базарбаев,

Индер ауданы

15.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх