«Аңқау елге арамза молда» болып жүргендер бар

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 19 сәуір. Кеше экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі жұмысшы топ Теңіз кенішіндегі жұмысшылармен кездесіп, ел көкейінде жүрген түйткілді мәселелерге жауап берді. Бұған дейін елде болған келеңсіз оқиғалар негізінен дін мен мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын дұрыс түсінбегендіктен туындаған.
Поделиться:  

Кездесуде Теңіз вахталық қалашығындағы «Сенімді құрылыс» мекемесінің қызметкерлерінің бірі ел арасындағы молдалардың көбі садақа, қаде, жаназа дастархандарына белгілі бір мөлшерде ақша бермесе, шақырғанына бармайтындығын айтып наразылық білдірді. Азаматтың айтуынша, оқиға жақында Ақтөбе қаласында болған. Жаназаға шақырылған молда  марқұмның туыстарынан қаделердің әрқайсысына бөлек-бөлек ақша сұрап, бермесе, қатыспайтынын айтқан. 

Бұл наразылыққа: «Мұсылман адам – тілімен де, ісімен де біреуге зиян тигізбейтінін», - айтып жауап берген теолог бұл дін қызметкерінің әрекеті еместігін айтты.

Қазіргі кезде халық арасында молда атанып кеткен мешіт қызметкерлерінен тыс адамдар да мәселе тудырып отыр. Олар діни біліктілігі болмаса да, жаттап алған «Фатихасымен» халықтың кәдесіне араласып кетеді. Осы кісілер имамдарға көп сөз әкелуде, деді теолог.  

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі

19.04.2017
1312
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх