Индерде жеміс бақтары көбейіп келеді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 сәуір. Өзге жерлердегідей табиғаты аса қолайлы бола қоймаса да, Индер ауданында жеміс-жидек ағаштарын өсірушілер қатары біртіндеп көбейіп келеді.
Поделиться:  

Оған басты түрткі, оның пайдалылығы болса, екіншіден, мемлекет тарапынан қолдау жасалып, көмектің беріле бастауы деп білеміз.

Жақында Индер аудандық әкімдікте өткен жиналыста Жарсуат округіндегі «Байбақты» шаруа қожалығы 4000 түп элиталық алма ағашын алып, өз шаруасын бастағаны сөз болды. Бүгінде оған бір түп алма ағашы үшін мемлекет тарапынан 315 теңгеден субсидия берілген. Жалпы ауданда Елтайдағы «Нұр Сәт» ШҚ 2015 жылдан бері 5 гектар алма бағын күтіп-баптап келе жатқаны белгілі. Оған Көктоғайдағы «Алға-1» ШҚ, «Шаңырақты» ШҚ, Бөденеде «Төлес» ШҚ қосылып, барлығы 23 гектар алма ағашы алқабы бар. 

 

С. Халықов

Сурет: kapital.kz

13.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх