Атырауда қандай әлеуметтік нысандар салынады?

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 9 ақпан. Атырау қаласында ауысымына 250 адам қабылдауға арналған емхана салынады. Бұған қоса, Атырау қаласына қарасты Ақсай селосында ауысымына 25 қабылдауға арналған дәрігерлік амбулатория құрылыстары жобаларының басталуы жоспарланып отыр.
Поделиться:  

«Атырау қаласында 10 200 тонна көкөніс қоймасы мен 1 га жылыжай салу, пайдалануға беру», «Атырау қаласында монша салу, пайдалануға беру», «Атырау облысы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, пайдалануға беру», «Атырау қаласындағы мектептерде тамақтануды ұсыну мен ұйымдастыруға халықаралық стандарттар енгізу» жобалары бойынша конкурстық құжаттама дайындау жұмыстары да жүруде», - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бұдан бөлек, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Атырау қаласында бейнебақылау мен Жол жүру ережесін бұзғандарды фотобейнетіркеу аппаратты-бағдарламалық кешенін құру, пайдалануға беру», «Құлсары қаласында сыртқы жарықтандыру желілері құрылысы мен пайдалануға беру», «Атырау қаласындағы мектептерде ақылды басқару жүйесін құру» жобаларын іске асыру жоспарда бар.

 

Бек Әзберген

09.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх