Әлемнің кәсіпкерлері Атырауда

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 11 сәуір. Бүгін Атырауда басталған халықаралық «ATYRAU INVEST» инвестициялық жобалар форумына әлемнің жиырмадан астам мемлекетінен жүздеген кәсіпорын өкілдері келіп қатысуда.
Поделиться:  

Аталған шара Қазақстанда осымен он алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Іскерлік орта үшін мұндай басқосулардың берері мол. Әсіресе, жаңа әріптестік байланыстарға жол салынып, өзара тәжірибе алмасуға таптырмас мүмкіндік. 

Форум инвестициялық жобалар көрмесімен басталып, кәсіпорындар өздері шығаратын техника, құрылыс заттары т.б өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Инвестициялық жобалар көрмесіне «ASTEL» байланыс орталығы кәсіпорыны көліктерге арналған сымсыз байланыс қондырғыларын алып келіпті. 

Аталған компанияның Атыраудағы филиалының өкілі Талғат Түсіповтің айтуынша, бұл қондырғылармен еліміздің қай қиырында жүрсеңіз де байланыстан ажырамайтын боласыз. «Әсіресе, байланысы жоқ далалық жерлерге жиі қатынайтын көліктер үшін бұл өте тиімді әрі ыңғайлы», - дейді ол. 

Ерекшелігі сол, қондырғы арқылы байланыссыз жерде жүрген көлік иесі қалалық телефон, WI-FI интернет жүйесіне қол жеткізе алады. Қазіргі кезде бұл жаңа жобаға қызығушылардың қатары артып келеді екен. Компания өкілі бүгінде Астана қаласынан жиі сұраныс түсіп жатқанын айтады. 

Ауқымды шараның салтанатты ашылуына "KAZENERGY" қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, форум жұмысына сәттілік тіледі. 

- Еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылып келетін дәстүрлі форум Атырау облысында да шетелдік және жергілікті инвесторлардың дамуына үлкен үлес қосты. Атырау облысында, тамақ өнеркәсібі, өндіріс, құрылыс секілді көптеген салаларда жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Форум аясында өңірдегі барлық мүмкіндіктерді талқылап, танысуларыңызға жағдай жасалады деп сендіремін, - деді Нұрлан Ноғаев. 

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі

11.04.2017
4824
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх