Құрсайдың бойы демалыс орнына айналады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 2 қараша. Жылыойлықтар Құрсай өзенінің тазалығына баса назар аударып отыр. Бүгінде бұл мақсатқа 995 млн. теңге бөлініп, үлкен жоба жасақталған. Жобада Құрсайды тереңдету және өзеннің Құлсары қаласымен өтетін 10 шақырым бөлігін абаттандыру жұмыстары қаралып отыр. Жаңарту жұмыстары 2017 жылы жүргізілмек.
Поделиться:  

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасов мәлімдеді. 

Брифинг барысында аудан басшысы Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен жетістікге тоқталды. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Жылыойда 10 жаңа мектеп іске қосылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша жаңадан жедел жәрдем клиникасы, 2 аурухана, аудандық емхана, өкпе аурулар ауруханасы, 3 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілген. 

- Тәуелсіздік жылдардың еншісіне тиген ең жақсы жетістігіміз ол - 1992 жылы Жаңа Қаратон кентінің іргетасы қалануы. Қазіргі таңда 7 мыңнан аса тұрғын мекен етеді. Осы жылдар ішінде кентте 18 ықшам аудандар құрылып, халық саны 80 мыңға жетті, - дейді М.Ізбасов. 

Жылыойда биыл 317 пәтер тұрғындар игілігіне пайдалануға берілсе, Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай және Майкөмген ауылдарының тұрғындарына «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су жеткізілген. Енді, Қосшағыл елді мекеніне су жүйесі құрылысын салуға 40 млн. қаражат бөлініп, жұмыстар басталуда, деді аудан басшысы. 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жаңа Қаратон кентінде, Тұрғызба, Қосшағыл ауылдық елді мекендерінде көше жарығының жұмыстары жүргізілуде. 

Қалада жеке тұрғын үй салу мақсатында жер сұраған 6 мыңнан астам астам кезекте. Осыған сәйкес, «Болашақ» және «Атырау» ықшам аудандарына инфрақұрылым жүргізілуде. Инфрақұрылым жүргізілгеннен кейін, 4400 жуық жер телімі кезекте тұрған тұрғындарға берілетін болады. Ал қалған тұрғындарға жер беру мәселесін шешу үшін, қаланың бас жоспарына өзгерістер енгізіп, жаңадан ықшам аудан қосуды жоспарлап отырмыз, - дейді мұнайлы аудан әкімі. 

Сонымен қатар, Құлсары қаласына 11 шақырым көше жарығын жүргізу, Тұрғызба, Қосшағыл, Ақкиізтоғай, Майкөмген, Шоқпартоғай елді-мекендерінде электр желелерін қайта жаңғырту, Құлсары қаласында 3 қатарлы 60 пәтерлік 2 тұрғын үйдің құрылысына қаржы қарастыру мәселесі алдағы уақыттың еншісінде.     

                         

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі

02.11.2016
7469
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх