Мақат ауданы сөз шебері Зейнолла Қабдоловты еске алды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 қараша. «Естен кетпес сұлу сөздің Сардары». Осындай тақырыппен Мақат ауданында Қазақстанның халық жазушысы, әдебиет қайраткері Зейнолла Қабдоловқа 90 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.
Поделиться:  

Жазушы орта білім алған Доссор кентіндегі Абай мектебіндегі кездесуге «Қазақстан жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиев, «Халықаралық Зейнолла Қабдолов қорының» президенті, профессор, ақын Бекет Қарашин, немересі Санжар Қабдолов арнайы келді. 

Шарада жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы дайындалған бейнефильм тамашаланып, меймандар естеліктерімен бөлісті.

Кездесу  одан әрі Бәйгетөбе ауылында жалғасын тапты. Сөз шебері Зейнолла Қабдоловтың атаулы датасын мерекелеу Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жоспарланған конференцияда қортындыланғалы отыр.

 

Гүлзада Саликова

14.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх