Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толу құрметіне айтыс өтті

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 сәуір. Индерде республикалық-аймақтық деңгейдегі оқушылар айтысы өтті.
Поделиться:  

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толу құрметіне және Индер ауданының 90 жылдығына орай өткен айтысқа көршілес Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан, Қызылқоға, Жылыой, Индер ауданынан барлығы 20 жас ақын қатысты. 

Жас дарындарға ақын Қойшығұл Жылқышиев, Әлия Дәулетбаева, Бекет Қарашин, Мұрат Таласов, Саадат Нұрманов, Әбдіхан Есенғалиев, Талап Махметов қазылық етіп, әділ бағасын берді.

Республикалық-аймақтық айтыстың бас жүлдесі индерлік айтыскер ақын Нұрасыл Исаға бұйырды. Бірінші орынға Батыс Қазақстан облысынан келген ақын Райымбек Өтепов ие болды. Екінші орынды ақтөбелік ақын Айсұлтан Көпбергенов пен маңғыстаулық Алшын Суменов өзара бөлісті. Үшінші орынды индерлік Ақтілек Әлібекұлы, Баймұрат Кеңес, Төлеген Тілекқабылұлы қанағат тұтты. 

Ал, Мұрат Мөңкеұлы атындағы жүлдені индерлік Бектас Төлеуғалиев иеленді. Төлеген Тілекқабылұлы «Үздік айтыскер ақын» атағына лайық деп танылды. 

 

Диас Айбар,

Индер ауданы

13.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх