Астананы жырға қосқан жас ақындар бас байрақты алды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 сәуір. Астана қаласында «Ел жүрегі - Астана» атауымен жеткіншектер арасында республикалық жыр мүшәйрасы өтті.
Поделиться:  

Әр аймақтың мықтылары жиналған додаға жүзге жуық оқушы қатысып, оларға ақын Ұларбек Нұрғалым мен Шерхан Талап, белгілі ақын Бауыржан Қарағызұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Дәуренбекқызы және Мәдениет министрлігінің сарапшысы Бекзат Смағұлов қазылық қылды. Мүшәйраның шарты бойынша олар Астананы жырға қосып, жиырма жылдағы жетістіктерді бейнелі жеткізуі керек болды.

Бұл сайыста Махамбет атындағы орта мектептің оқушылары Шырайлым Исламғалиева мен Дильназ Борисова Индер ауданының намысын абыроймен қорғады. Бұған дейін де бірнеше мәрте облыстық, республикалық жыр додаларында биіктерден көрініп жүрген Шырайлым мен Дильназдың өлеңдері қазылардың сынынан сүрінбей өтіп, бірінші байрақ Индер ауданына бұйырды. 

 

А. Диас,

Жарсуат ауылы, Индер ауданы

13.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх