21 талантты өрен және 3 шығармашылық ұжым Атырау намысын республикалық байқауда қорғайды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 17 мамыр. Атырауда облыстық XIV Дельфий ойындары аяқталды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Поделиться:  

Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы шығармашыл жастарды қолдау бағытында жыл сайын Дельфий ойындарын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Байқаудың негізгі мақсаты - жас таланттарды тауып, оларды қолдау және жастар арасында мәдени мұраны насихаттап, ұлттық өнердің дамуына ықпал етіп, рухани, эстетикалық тәрбие беру.

Байқауда Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының, Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының оқытушылары және өнер жұлдыздары қазылық етті. Нәтижесінде, облыстық сайыста жүлделі орынға ие болған 21 талантты жас және 3 шығармашылық ән-би тобы Ақтау қаласында өтетін Республикалық Дельфий ойындарына жолдама алды.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар дайындаған арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, биылғы облыстық Дельфий ойындарына 230 адам қатысып отыр. Бұл былтырғы көрсеткіштен 80 адамға көп. Ал, 2017 жылы Республикалық ХІІІ Дельфий ойындарына Атырау облысынан 19 жас жолдама алып, 10-ы жүлделі орындармен оралған болатын.

 

Айқара Ғұмар

17.05.2018
Поделиться:  
 
Наверх