Құрманғазыда Зейнолла Серікқалиұлының атындағы мұражай жұмысын бастады

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 ақпан. Теңіз топырағының талантты тұлғаларының бірі - мемлекеттік және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының иегері, республикаға еңбегі сіңген қайраткер Зейнолла Серікқалиұлының туғанына 80 жыл толуына орай Құрманғазы ауданында ғалым-сыншының есімін иеленген мектеп-интернатта арнайы мұражайдың тұсауы кесілді.
Поделиться:  

Мұражай салтанатты жағдайда Құрманғазы ауданы әкімі Б. Шаяхметов пен Құрманғазы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О. Құмарғалиевтың қатысуымен ашылды. 

Мұражай жәдігерлерімен танысу барысында аудан әкімі Б. Шаяхметов 1962 жылы Ганюшкинде мектеп-интернаты ашылған уақытта жатақхана корпусы ретінде қолданылған қарағай мектепті қалпына келтіру жұмыстары таяу арада басталып, Құрманғазы ауданының 90 жылдығына орай жөндеуден өтіп, қайта ашылатындығын қаперге берді.

 

А. Нәжімов

14.02.2018
Поделиться:  
 
Наверх