Соттылығың бар ма? Сәуірден бастап алынып тасталады

Мы в соц. сетях:   

АTPress.kz. 17 қаңтар. Қазақстанда азаматтардың соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама беру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Поделиться:  

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Атырау облысы бойынша басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев хабарлады. 

- Өткен жылдың 15 желтоқсанында №816 Үкімет қаулысымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізілімінде бірқатар өзгерістер болды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің «Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беруге» ауыстырылды, - деді басқарма басшысының орынбасары Жәнібек Семғалиев. 

Яғни, енді жаңа өзгеріске сәйкес бұрын соттылығы болған азаматтан жазасын өтеп келгеннен кейін оның сотталғандығы туралы мәлімет алынып тасталады. Қылмыс жасағандығы туралы мәліметті жою үшін азамат тиісті жазасын өтеп келген соң жеке куәлігімен халыққа қызмет көрсету орталығына баруы тиіс. Сол жерде ол өтінішін толтырып, 3 минут ішінде соттылығы жоқ туралы анықтама құжат ала алады.  

- Кейбір мекемелер азаматтарды жұмысқа қабылдау кезінде олардан сотталмағандығы туралы анықтама әкелуді талап етеді. Бұл бұрын соттылығы болған азаматтардың наразылығын тудырып келген еді. Азаматтардың құқын қорғау мақсатында осы мәселе Бас прокуратурада қаралды. «Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының 13 бабына сәйкес, стандарт көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізімдемесіне қызметті енгізген күннен бастап үш айдың ішінде бекітіледі, - дейді Ж.Семғалиев. 

Осылайша, 2017 жылдың 2 тоқсанынан бастап бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, соттылықтары жойылған немесе алынып тасталған азаматтар анықтаманы «Соттылығы жоқ» деген белгімен ала алатын болды.

 

Нұрбейбіт Нұғыманов 

Сурет Ерлан Алтыбаевтікі

17.01.2017
Поделиться:  

Comments (10)

  1. асан 17 january 2017, 12:19 # 0
    баягыда осылай жасау керек еди
    1. анон 17 january 2017, 12:29 # 0
      Өте дұрыс, түрмеде тəрбие өте жақсы ғой! Шенеуіктер көп барады ғой, болашақта мүмкін əкім болар тəжірибесі бар…
      1. анон 17 january 2017, 12:29 # 0
        оте дурыс олай етпесе жумыссыздык жайлайды казир барлык жумыс орыны талап етеди ол аныктаманы
        1. Сұлтан 17 january 2017, 12:29 # 0
          Дұрыс емес, педофил жазасын өтеген соң мектеп, балабақшаға жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады ғой
          1. Ruslan 17 january 2017, 20:54 # 0
            Идиотизм вы придурки если какой нибудь педофил отсидит выйдет и устроиться в детсад или в школу и насильничать дальше где гарантии что он исправился завтра он оприходует сынишку или дочь какого-нибудь бастыка посмотрим как вы запрете. Я например против этого закона люди что же делается очнитесь скоро точно начнётся майдан как на Украине до ведут эти депутаты народ до белого коления господин Президент очнитесь что же делается сделайте что нибудь одна надежда на Вас.
          2. Абзпл 17 january 2017, 21:48 # 0
            Полностью сагласен, но должны быть определенные статьи которых нельзя будет скрыть
            1. Ибрагим 18 january 2017, 06:21 # 0
              Келісемін. Бірақ жоғарыдағыдай келеңсіз жағдайлар тағы бар. Педофилизм это не правонарушение. Это болезнь. Это психический заболевания. Они должны лечиться всю свою жизнь в тюрьме.
              1. Кожабаев Нуржан 18 january 2017, 07:41 # 0
                Ай сау болын ракмет. Жаксы болган екен.
                1. Уайымдамаңдаршы! оларды піштіріп (кастрируем) жатырмыз шетінен 18 january 2017, 21:05 # 0
                  Не переживайте! Иx всеx кастрируем подряд без разбора. Слюни распустил, все прощайся…
                  1. аноним 09 september 2017, 21:20 # 0
                    сотталғандарды ортаға бейімдеп, солармен жұмыс жасайтын орталық керек
                     
                    Наверх