Орталық көпірден секірмекші болған 17 жасар қызды полицейлер құтқарып қалды /ВИДЕО

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 10 қараша. Атырауда орталық көпірден секірмекші болған 17 жасар қызды полицейлер құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Поделиться:  

8 қараша күні сағат 12.00 шамасында болған. Көпір үстінде қызметтік көлікпен келе жатқан қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері – сержант Ринат Ақбалин мен аға сержант Талғат Өтемұратов - көпір қапталынан секіргелі тұрған бойжеткенді байқап қалады. Сөйтіп тоқтай қалып, жас қыздың өз-өзіне қол жұмсауына мүмкіндік бермеген. 

Бүгінде суицид құрбаны болудың аз-ақ алдында қалған жас қыздың жеке-басы анықталып отыр. Ол – 2000 жылы туған, қаладағы орта оқу орындарының бірінде оқитын студент болып шықты. 

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. 

 

Айқара Ғұмар

Видео Атырау облыстық ІІД-нің Facebook-тегі парақшасынан алынған

10.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх