Дінтанушы: «Оларды тыңдасаң - адасасың!»

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 19 сəуір. Теолог: «Қазақстанда тілінен бал тамып, жүрегіңді жылытып, көзіңнен жас шығарып уағыз айтатын дəстүрлі емес, діни ағымды насихаттаушылар бар. Оларды тыңдасаң - адасасың».
Поделиться:  

Жылыой ауданының Жаңа Қаратон ауылында жоғары сынып оқушыларымен кездескен экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық топ Қазақстандағы көптеген жастардың неден адасқандығын айтып, лаң салып жүрген дəстүрлі емес діннің уағыздаушыларын атады. 

Атырау облысы дін істері басқармасының теологы Айбек Аташевтың айтуынша, адасып жүріп, қайта тура жолын тапқандардың көбісі ғаламтор кеңістігінде кең тараған Дарын, Ділмұрат, Октам секілді уағызшылардың насихатын тыңдағанын айтқан. Әдетте уағыз айтушылардың көбі өздерінің есімдерін Абу Халид, Абу Мұхаммад, Абу Саид деп өзгертіп алатын көрінеді. Мұндай есімдерді Атырау облысынан да кездестіруге болады. 

Облыстық прокуратураның бөлім бастығы Аслан Нұрғалиевтың айтуынша, биылғы жыл басынан бері Атырау облысында экстремизм мен терроризмді насихаттағаны үшін үш азаматқа қылмыстық іс қозғалған.

Ақпараттық топ 17-19 сəуір аралығындағы Жылыой ауданындағы барлық жалпы жəне орта білім беретін мектептің оқушыларымен, колледж студенттерімен кездесті. Кездесу барысында көпшілік тарапынан ең көп қойылған сауал «уахаббис деген кім, қайдан шықты, оларды қалай ажыратуға болады?» болды.

Ақпараттық топ барлық сауалдарға жауап беріп, білмеген нəрсені намаз оқитындардан емес, мешіт имамдарынан сұрауға кеңес берді. 

 

Суретте (4-8 суреттерде): дəстүрлі жəне дəстүрсіз діннің уағыздаушылары, дұрыс жəне жат ағымды ұстанушылардың белгісі, теріс ағымдардың қалай пайда болғандығы жөнінде мəлімет көрсетілген. 

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі

19.04.2017
1069
Поделиться:  

Comments (2)

  1. Айбек 19 april 2017, 10:40 # 0
    Дұрыс айтқан
    1. Омирсерик 25 april 2017, 10:51 # 0
      Ассаламу алейкум құрметті жамағат! Жаумен күресеміз деп өзіміздің тамырымызға балта шауып отырмыз. Ислам діні қазақтың жеріне келгелі бері он ғасырдан асты. Бүгінгі күннің қазақтың бүкіл салт-дəстүрі дінмен байланысты. Ешкімге құпия емес, біздің кең байтақ жеріміз əулиелердің мазарына толы, солардың кесенелерін ғасырлап ата-бабамыз зиярат етіп Алланың разылыған тапқан халықпыз! Дін зерттеушілер əулиелердің тек исламның үш тізгінін меккем ұстаушылардан шығатынын білсе керек. Білмейтіндерге айтып өтейін, Пайғамбарымыз с.а.с. бір күні Жəбрейіл а.с. келіп сахабалардың көзінше емтихан алады. Бұл оқиға хазреті Омар р.а. дан жеткен. Сонда Жəбрейіл а.с. үш сұрақ қояды: «Иман не, ислам не, ихсан не дейді?» Осы үш мəселе ислам дінінің үш тірегі болады. Иманнан ақида мазхабы пайда болды, исламнан фикх мазхабы пайда болды, ихсаннан сопылық (тассауф, тариқат) мазхабы пайда болды. Менің айтайын дегенім, осы үш тіреуді ұстанған адам ғана кəміл мұсылман бола алады! Əулиелер шықса тек осы қауымнан шығады. Ол — хақ! Қазақ даласы, Орта Азия, Кавказ, Ауғаныстан жəне де көптеген мемлекеттер бүгінгі күнде сопылықта Нақшбандия тариқатын ұстанады. Сопылардың басшысын пір дейді. Пірдің мақсаты шəкірттеріне дұрыс шариатты үйретіп, Алла өзінің досына, яғни Пірге берген махаббатын сол шəкірттерінің жүрегіне кіргізіп, мына жалған дүниенің кірінен тазалау. Осы үрдіс ғасырлар бойы жалғасып келіп қазақ халқының қанына сіңіп салт-дəстүріне айналған. Осы мамыражай өмір кешегі қанды совет өкіметінің өзінің билігін орнатқанша болып келді. Қызылдар дін-опиум деген ұран тастап дін басшылары болған ишан-пірлердің біреуін атса, біреулерін қамауға алып соттап жіберді. Аман қалғандары жасырын подпольеге кетті. Бірақ, жасырынсада қайтыс болған мұсылман азамматтарының жаназасын оқып соңғы сапарға аттандырып, кішкентай мұсылмандарын сүннеттеп, құдайы бергендерге құранын оқып беріп қызметін жалғастыра берді. Тоқсаныншы жылдары еліміз егемендік алғанда өпкемізге кеңінен дем алып, енді көгеремізба деп ойлаған едік. Өкімет өз тарапынан ҚМДБ деген ұйым құрды. Бұл ұйым діни ұйым болу керек еді. Өкінішке орай, бұл саяси ұйымға айналды. Бұл ұйым елімізге шеттен келген радикалды, жат, дəстүрлі емес ағымдардың ықпалымен жүретін құралға айналды. Бүнің дəлелін, жоғарыда көрсетілген террористердің бейнелерін шығарған суреттен табасыздар. Себебі, сол суреттің ішіне Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. тікелей ұрпағы болған, еліміздің нағыз патриоты, жанашыры ишан Құрбанəлі Ахметовті кіргізгені. Он ғасырдан астам еліміз ұстанып келген дəстүри дініміздің жанашырын, жан анасын шайтанның əскері болған дінбұзарлардың арасына қосу- ол нағыз надандық, бұзақылық!
       
      Наверх