Бірнеше интернет-ресурсына шектеу қойылды

Мы в соц. сетях:   

АTPress.kz. 20 сәуір. Атырау облысы Қызылқоға ауданы прокуратурасының интернет желісіне жүргізген мониторингі кезінде қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптейтін 31 ресурс анықталды.
Поделиться:  

Қызылқоға аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ғ. Орынбасаровтың хабарлағанындай, іс-шараның мақсаты - кәмелеттік жасқа толмағандар қылмыстылығының және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын-алу. Осы мақсатта ғаламтор желісінде тұрақты түрде мониторинг жалғаса береді.

«Бүгінге дейін мониторинг нәтижесінде қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және кәмелеттік жасқа толмағандарды, сондай-ақ, оларға қатысты құқық бұзушылыққа ықпал ететiн порнографиялық және арнайы эротикалық сипаттағы кино және бейнеөнімдерден тұратын контенттер анықталды. Мониторинг қорытындысымен аудан прокуратурасының бастамасы бойынша республика аумағында пайдаланушыларға қолжетімділігін шектеу мақсатында 31 ғаламтор ресурсының қызметіне Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тосқауыл қойылды», - делінген хабарламада.  

 

Мереке Асанова

Фото vestikavkaza.ru сайтынан алынды

20.04.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх