Атырауда 1 тонна балықты алып өтпек болған көлік ұсталды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 11 қаңтар. «Атырау-Астрахан» тас жолында бір тонна балықты заңсыз жолмен алып өтпек болған автокөлік ұсталды.
Поделиться:  

Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 02.30 шамасында Атыраудың шыға беріс тас жолында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлігі ұсталған. 

«Көлік тізгінінде 1995 жылы туған Жанбай ауылының тұрғыны екені анықталып отыр. Тексеріс барысында көлік салонынан салмағы 1 тоннаны құрайтын 35 қап сазан балығы тәркіленді. Автокөлікте жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 196 бабына сәйкес тергеу амалдары жүгізілуде», - дейді спикер. 

 

Бек Әзберген

11.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх