Қызылқоға ауданында мектеп директорына айыппұл салынды

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 13 қазан. Аудан мектебінің директоры білім беру мекемесінің терроризмге қарсы қорғалуын тиісті дәрежеде орындамаған.
Поделиться:  

Облыстық соттың баспасөз қызметінің айтуынша, Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімімен жүргізілген тексеру нәтижесінде Б. Аманшин атындағы орта мектептің терроризмге қарсы қорғалу паспортының құжаттары дұрыс рәсімделмеген. Яғни, ереже талаптары сақталмаған. 

Сот отырысында мектеп директоры өзінің жұмысына алаңғасарлықпен қарағанын ішінара мойындады.

Қызылқоға аудандық сотының қаулысымен мектеп директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 149 бабы, бірінші бөлігімен кінәлі деп танылды. Сөйтіп, 158 830 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолданылды.

 

Айдос Қарабала

Фото arnapress.kz сайтынан алынған

13.10.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх