Қуандық Бишімбаев: Мемлекет басшысынан, бүкіл халықтан кешірім сұраймын

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 8 қаңтар. Бюджет қаржысын жымқырды деген айыпқа іліккен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Президент алдында айыпты екенін түсінетінін мәлімдеді.
Поделиться:  

«Және экс-министр Мемлекет басшысынан, күллі халықтан кешірім сұрап отыр», - деп хабарлайды ҚазАқпарат

Әрі қарай экс министрдің сөзін қаз-қалпында көшіріп басқанды жөн көрдік. «Мен Президент алдында кінәлі екенімді түсінемін. Мен білетін, жұмысқа шақырған адамдар – Жақсыбаев, Жақыпов және басқалар менің сенімімді ақтамады, олар үшін мен Мемлекет басшысының алдында жауаптымын. Болып жатқан барлық жағдай үшін, Президенттің үмітін ақтай алмағаным үшін ұяламын әрі, қиналамын. Кадр таңдауда қатты қателестім. Мені және менің сенімімді пайдаланған адамдарды өзіме тым жақындатып алдым. Мен Мемлекет басшысынан, бүкіл халықтан кешірім сұраймын», - дейді Бишімбаев.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 10 қаңтарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың күдікті ретінде ұсталғанын хабарлаған болатын. Нақтырақ айтқанда, Бишімбаев Қызылорда қаласында әйнек шығаратын және өңдейтін зауыт салу барысында «Orda Glass» ЖШС-ның ведомстволық бағыныстағы компаниясы мен оның мердігерлік ұйымы «Шымкентхиммонтаж» ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқырудың қылмыстық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, экс-министр заңсыз жолмен алған қаражатын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

 

Бек Әзберген

08.01.2018
Поделиться:  
 
Наверх