Қазақстанның бес азаматы Сириядан Грозныйға әкелінді

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 14 қараша. Атышулы Сирияның «отты нүктелерінен» Шешенстан Республикасының астанасы Грозныйға Қазақстанның бес азаматы әкелінді.
Поделиться:  

«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, арнайы рейспен Грозныйға 40 адам әкелінген. Қарулы қақтығыс нүктелерінен құтқарылғандардың 12-сі әйел, 29-ы балалар. «Соның ішінде бес адамның Қазақстанның, екеуінің Өзбекстан, қалғандарының Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан және Башқұртстаннан екендігі анықталды», - деп хабарлайды ақпарат агенттігі. Эскалация аумағынан әкелінгендердің барлығы «отты аймақты» өз еріктерімен тастап шыққан.

Бұған дейін Атырау облысы дін істері басқармасының бүгінгі таңда бес атыраулықтың ДАИШ құрамында соғысып жүргендігі туралы ақпарат таратқандығын еске сала кетелік.

 

Ясмин Әли

14.11.2017
Поделиться:  

Comments (0)

     
    Наверх