«Бекіре-2018» кезінде браконьерлерден 768 кг балық тәркіленген

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 9 сәуір. Атырауда 32 кг болатын бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Поделиться:  

«Бекіре-2018» балық қорғау науқанының алғашқы нәтижелері туралы жария еткен Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, күні бүгінге дейін жалпы көлемі 768 кг балық тәркіленген. Нәтижесінде құқық бұзушыларға 336 мың 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

«Бекіре-2018» акциясының үйлестіру штабының отырысында мәлімдеме жасаған Атырау облыстық орман және жануарлар әлемі инспекциясының өкілі Олег Тушкановтың хабарлауынша, акция басталғалы бері қоршаған ортаны қорғау заңнамасын 47 мәрте бұзу фактісі анықталған. Оқиғаның 42-сі Атырау облысының аумағында, 3-і Маңғыстау облысында, 2-і Батыс Қазақстан облысы аумағында орын алған. 

«28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19 балық аулау және 5 бірлік жүзу және көлік құралдары тәркіленді. Құжаттар сотқа жіберіледі», - дейді ресми өкіл Олег Тушканов. 

 

Тасым Әбіш

09.04.2018
Поделиться:  
 
Наверх