«Атырау Энергосату» мекемесі кәсіпкерлерге қатысты заңсыз талап енгізген

Мы в соц. сетях:   

ATPress.kz. 17 мамыр. «Атырау Энергосату» мекемесі кәсіпкерлерге қатысты заңсыз талап енгізген. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті хабарлайды.
Поделиться:  

Бұл негізсіз талапты Атырау қалалық прокуратурасы талдау жұмыстары кезінде анықтаған. Яғни, «Атырау Энергосату» ЖШС-і электр энергиясын тұрмыстық емес қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушылармен жасақталған үлгі шарттың 9 тармағына қосымша 100 пайыздық алдын ала төлеу талабын енгізген.

Мекеме тарапынан жүзеге асқан бұл өзгеріс, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №356 бұйрығымен бекіткен үлгі шартының 20-ыншы тармағына қайшы келеді.

Демек, «Атырау Энергосату» ЖШС-нің тұтынушыларға қойған талабы заңсыз болып табылады.

Осы орайда, қалалық прокуратураның ұсынысы нәтижесінде табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті биылғы жылдың 25 сәуірінде «Атырау Энергосату» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде заңнаманы бұзу жағдайлары болғаны туралы хабарлама шығарған. 

Бүгінде хабарлама толық көлемде орындалып отыр. Яғни, бизнес өкілдерінен 15 мамырдан бастап 100 пайыздық алдын ала төлем алу талабы тоқтатылған. 

 

Айқара Ғұмар

Фото liter.kz сайтынан алынған

17.05.2018
Поделиться:  
 
Наверх