05 Қаңтар, 2020 1154

Атыраулық ардагерлер республикалық турнирден жеңіспен оралды

27-29 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында Ақтан Батыр Ақайұлының атындағы еркін күрестен ардагерлер арасында республикалық турнир өтті.

Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Дәстүрлі төртінші мәрте ұйымдастырылған турнирде Атырау облысының ардагер спортшылары 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

Рашид Мусин 78 кг, Сергей Елесейев 100 кг, Дамир Тлеуғалиев 78 кг және Амантай Нурадилов 70 кг салмақта алтын жүлдеге ие болды. 78 келіде Әділбек Жәнібекұлы мен 100 келіде Нүркен Оңғаров күміс жүлде еншілесе, 78 келіде Нұрлыбек Нигмашев, 88 келіде Артур Усиев және 70 келіде Асылбек Лекеров үздік үштіктен көрінді.

ATpress.kz

Сурет: atyrausport



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #спорт #күрес #ардагер #жүлде