12 Қыркүйек, 2019 354

Атырауда интернет алаяқтары көбейген

Жыл басынан бері Атырауда 276 интернет алаяқтық фактілері тіркелген.

Атырау полиция департаменті қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, қылмыстың алдын алу жалғасуда.

Сұхбаттасушылардың бірі Атырау қаласының 43 жасар тұрғыны Нұрбике Ерғалиева:

Менің әлеуметтік желіме белгісіз адам кіріп, әріптесімнен 100 мың теңге көлемінде қарызға ақша сұраған. Әріптесім келісіп, бірақ ескерту мақсатында дереу маған қоңырау шалдыАбырой болғанда алаяқ құрығынан аман қалдық, - дейді қырағы әйел.

Алайда, полиция алаяқтардың «Сіздің ұлыңыз өзін жайсыз сезінуде, қаражатты аударыңыз» немесе бұрынғы аккаунт арқылы жалған хабарламалар жазатынын ескертеді.

Қазір инстаграм желісінде жалған жарнамалардың фактілері жиілеп кеткені рас. Алаяқтық «olx», «krisha.kz» ,«koleso.kz» қолжетімді бағасы бар тауардың фотосуреті қойылған жерде көптеп кездеседі. Ол сенімді түрде, азаматтардың ақшасын алып, кейін байланыстан ажырап, қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл жүйемен жұмыс жасап көрмеген азаматтардың тез алданып қалатынын осыдан-ақ байқауға болады.

Осы аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша бірнеше рет қылмыстық істер тіркелген.

- Қылмыстың осы түрін азайту және болдырмау мақсатында полиция департаменті қырағы болуды, тауарларға интернет арқылы тапсырыс берер кезінде лицензияланған дүкендерді пайдалануды, хабарландыруларды мұқият тексеруді ұсынады. Сонымен қатар, «Киви-кошелек» арқылы ақша қаражатын аудармау керек, өйткені қандай да бір сауалнамалық деректерді енгізбестен, абоненттік номерді көрсету күдіктілерді іздестіруді қиындатады, - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ATpress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #алаяқ #сауалнама #интернет