04 Қыркүйек, 2019 405

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі анықталды

Биылғы жылдың тамыз айында еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің сомасы 31 982 теңгені құрады.

Қазақстанның статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы тамызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21%-ға жоғарылады. 

«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,9%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны, жемістер мен көкөністерді – 13,7%-дан, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,8% құрады», - делінеді ведомство хабарламасында. 

Дереккөз: Stan.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда