21 Тамыз, 2019 276

Атыраулық студент республикалық байқауда облыстың намысын қорғайды

Аймақта қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген жастардың арасында арнайы байқау өтті, оған 9 үміткер қатысты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Тілдарын - 2019" республикалық байқауының облыстық кезеңінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 3-курс студенті Тимур Мұхаметқалиев жеңіске жетті. Қазылар алқасы қатысушылардың білімін үш кезең арқылы бағалады. Байқауға 18-22 аралығындағы жастар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

- Байқау тіл саясатын, атап айтқанда - үштілділікті дамытуға бағытталған. Басты мақсат - қабілетті жастарды анықтау және қолдау, мәдениетті қалыптастыру, көптілділікті үйрету, патриотизмді нығайту, басқа халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеуге шақыру. Байқаудың жеңімпазы республикалық олимпиадада облысымыздың намысын қорғайтын болады. Айта кету керек, республикалық кезең биылғы жылдың қазан айында Шымкент қаласында өтеді, - дейді Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева.

ӨКҚ



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда