21 Тамыз, 2019 348

Атырау қаласында ауа ластанады

Сәрсенбіде еліміздің үш қаласында ауа ластанады, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Ақтөбе, Атырау, Орал қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал»,- делінген хабарламада.
Дереккөз: BAQ.KZ



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда