21 Тамыз, 2019 373

Қала әкімі "Үш кербезді" субұрқақты алып тастауға қатысты пікір білдірді

Бүгін қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы қаладағы құрылыс нысандарын аралап, халықпен кездесті. Сонымен қатар, қала әкімі субұрқақтарды қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бұл туралы әкім Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды, - деп хабарлайды Atpress.kz.

Әлимұхаммед Құттұмұратұлының айтуынша, құрылыс жүргізу барысында тұрғындардың пікірі ол үшін өте маңызды. 

- Көпшіліктің талқылауына түскен Құрманғазы мәдениет үйі алдындағы кіші архитектуралық кескін "Үш кербезді" орнында қалдыру бойынша тұрғындардың пікірін естідік. Ал кәзіргі уақытта субұрқақты қайта жаңғырту бойынша жұмыстардың авторымен келіссөздер жүргізілуде. Жаңғырту жұмыстары кезінде субұрқақтағы "Үш кербезді" орнында қалдыру мәселесі қаралатын болатынын атап өткім келеді, - дейді қала әкімі.

Еске сала кетейік, осыған дейін БАҚ-та Атыраудағы ескі "Үш кербезді" субұрқақтың орнына жаңа нысан салынатыны хабарланған еді.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда