20 Тамыз, 2019 243

Көлікті автосалонда тіркетуге болады

«Азаматтарға арналған үкімет» астаналық көлік иелері үшін тамыз айының басынан жаңа жобаны іске қосты.

«Енді автосалоннан жаңа автомобиль сатып алатындар оны бірден тіркеуге қойып, құжаттарын жасата алады. Бұрын жаңа көлікті автосалоннан рәсімдеген кезде мамандандырылған ХҚО-ға бару керек еді. Енді автосалонда мемлекеттік корпорацияның бір қызметкері жұмыс істеп, есепке қою операцияларын жүзеге асырады. Көліктің техникалық құжаты мен мемлекеттік тіркеу нөмірі дайын болған сәтте оны салонға курьер жеткізіп береді», - делінген хабарламада. 

Дереккөз: Inform.kz

Сурет: tv-express.ru


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда