16 Тамыз, 2019 328

Мұғалімдердің жалақысы екі есе өседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын екі есеге арттыруды тапсырды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы мұғалімдердің тамыз конференциясында айтты.

-Мұғалімдердің жалақысы төмен және экономика бойынша орташа жалақының 65 пайызын құрайды. Үкіметке мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырамын, - деп тапсырды Президент.

Айта кетейік, ұстаздардың биылғы алқалы жиынына алғаш рет Мемлекет басшысы қатысады. Жылда жер-жерден келетін мұғалімдердің саны 500 болса, биыл 2000-нан асады.


Дереккөз: Tengrinews.kz

Фото: Ашық дереккөз



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда