16 Тамыз, 2019 375

Атырауда 3 жерүсті жаяу өткелі салынады

Тамыз айының аяғында тағы үш жерүсті жаяу өткелінің құрылысы басталады, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл жөнінде қалалық құрылыс бөлмінің басшысы Айбек Жалелов хабардар қылды. Қазіргі кезде жоба жасақталу үстінде.

- Жерүсті жаяу өткелдері Баймұханов көшесінде (Привокзальный ықшам ауданы), Махамбет пен Исатай алаңында және Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің маңында орналасады. Айта кетейін, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өткелдер көтергіш құрылымдармен қосымша жабдықталады,-деді Айбек Жалелов.

ATPress.kz

Фото: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда