16 Тамыз, 2019 378

Атырауда 10 субұрқақтың құрылысы басталды

Қаладағы субұрқақтардың су және тоқ желілерінің ескіруіне байланысты, жаңадан субұрқақ салу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, Смағұл алаңында - 4, Құрманғазы алаңында - 2, «Жеңіс» саябағында 1-еу, «Құрманғазы» мәдениет үйінің алдында және Балықшы ықшам ауданындағы А.Құнанбаев көшесінде 2 субұрқақ болады. Айта кету керек, «Ақ Жайық» қонақ үйінің алдындағы субұрқақты мердігер мекеме қалаға сыйлық ретінде өз қаражаты есебінен салып жатыр.

- Субұрқақтары салу жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. Ағымдағы жылы осы салынып жатқан субұрқақтардың құрылысын бастасақ, келесі жылы қаладағы қалған субұрқақтарды жаңарту жұмыстарын жүзеге асыратын боламыз. Сонымен қатар, ашылғалы жатырған Махамбет пен Исатай алаңында 12 субұрқақ болады, - дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Жалелов.


ATPress.kz

Фото: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда