12 Тамыз, 2019 263

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Жекелеген аумақтарда жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, Қызылорда облысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, оның күші 23 м/с артуы ықтимал.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ, 15-22 м/с екпіндегі жел болжанады.

Дереккөз: BAQ.KZ.

Фото: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда