09 Тамыз, 2019 346

180 адам дәстүрлі қолөнер шеберлік сабағынан өтті

Киізден жасалатын бұйымдар өндірісі бойынша «Жұмыскер» мәдениет үйінде тегін шеберлік сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму департаментінің қолдауымен «Қазақ қыздары» академиясының оқытушылары, қатысушыларға ұлттық «Құрақ көрпе» тігуді, сонымен қатар жаңа заманауи технологияларды қолдана отырып, «Киіз басу» техникасында табиғи киізбен жұмыс жасауды үйретті.

- Қатысушылардың жалпы санының тек 35-і - қала тұрғындары, қалғаны бізге Атырау облысының әртүрлі аудандарынан келді. Олардың арасында көп балалы аналар, жас қыздар мен ересектер болды. Біз өте қуаныштымыз, семинарлар оң нотада өтті, барлығы да қатты ұнады, көбісі өз ісін ашып, жаңа тәжірибеге ақша табуға тырысқысы келді. Салтанатты рәсім барысында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады, - деді «Қазақ қыздары» академиясының директоры Әсия Мұхсинова.

ATPress.kz

Фото: ӨКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда